«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ»

18 қараша күні Орталық кітапхананың оқу залында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқырмандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әзірленген жүйесімен таныстыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі мәселелерін көрсету, белсенді өмірлік ұстанымын, қоғам мен ел алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Көрмеге Ж.Нұрғожаевтың «Парасат жолы», Қ.Қайранбаевтың «Ар мен заң алдында», К.Оспановтың «Құқық негіздері», И. Борчашвилидің «Сыбайлас жемқорлық қылмыстары: құқық, теория және практика» және т.б. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған шаралар туралы кітаптар ұсынылған.

18.11.2024
Қаралым саны: 226
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент