Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз ұлттық мейрам, жыл басымыз, жаңа жылымыз.

22 наурыз күні Мағжан Жұмабаев ауданының Орталық кітапханасы басты киіз үйде қазақтың ұлттық дәстүрі «Құдаларды қарсы алу» рәсімін көрсетті. Іс-шараға «Ақ жаулық» тобының мүшелері де қатысты. «Жақсы қонақ келсе, құт келеді» — дейді. Арқан тартып, шашу шашып, құдаларды қарсы алды.

Құдалық – қазақ халқының әдет-ғұрпында ерекше орны бар дәстүр. Жігіт жағынан құдалыққа баратындардың саны жеті адам болады. Құдалық құрамына әдетте бірінші кезекте үйленетін жігіттің әкесі мен шешесі, атасы мен апасы, ағалары, жеңгелері, сондай-ақ тек жағынан жақын немере туыстары да қосылады. Құдалықты бастап баратын беделді, жасы үлкен адамды бас құда деп атайды. Ең алдымен үйіне құда түсе келген кісілерді құрметпен қарсы алудың маңызы зор.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

22.03.2024
Қаралым саны: 52
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент