Қазақстан Республикасының Құрметті журналист Жарасбай Сүлейменовпен шығармашылық кездесу

28 маусымда қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисті, ІІ дәрежелі «Достық», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, көптеген медальдардың иегері, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ құрметті профессоры Жарасбай Сүлейменов 75 жылдық мерейтойы қарсаңында, аудандық мәдениет үйінде М.Жұмабаев ауданының әкімі Қ.Қ.Омаровтың қатысуымен жазушының шығармашылық кездесуі өтті.

Кездесуге құрметті қонақтар: облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Нұргүл Оқашева, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Сағындық Рахымжан, М.Жұмабаев ауданының құрметті азаматы Б.С. Қазанов, мемлекеттік мекемелер басшылары, кітапханашылар мен аудан мұғалімдері, аудандық БАҚ қатысты.

Жарасбай Сүлейменов  жиналған қауым алдында сөз сойлеп, аудан басшылығына қуанышпен қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.

Ол өз сөзінде қонақтармен шығармашылық жолы, жазуға түрткі болған дүниелер Отанға, Туған жерге деген сүйіспеншілік туралы біраз ойларымен бөлісті, сондай-ақ жастарды мемелекеттік тілде газет-журналдарды, әдебиеттерді оқуға шақырды.

Еңбек жолын бақташы, механизатор болып бастап, осындай биіктерге жетті. Осы салада ұзақ жылдар журналист болып еңбек ете жүріп, әр түрлі адамдармен кездесіп, олардың тарихын, мәселелерін түсініп, әрбір сөзінен объективтілік пен жауапкершілікті үйреніп, сол сабақтар әдеби қызметке жеткізгенін айтты.

Кездесу барысында оқырмандар оның шығармашылық қызметіне, қазақтың көрнекті ақыны М.Жұмабаевтың өмірін зерттеуге қатысты сұрақтарын қойды. Бұған Ж.Сүлейменов қызық деректермен жауап беріп, біздің сөзіміз ізгілікке, әділдікке, түсіністікке қызмет ету керектігін қадап айтты.

Қортынды сөзін аяқтап, Жарасбай Сүлейменов барлығын қолтаңба сессиясына шақырды. Жазушыдан кітапқа қолтаңба алу мүмкіндігін тағатсыздана күткен қонақтар, жүздесуді асыға күтті. Әр оқырманмен сырласып, Жарасбай Қабдоллаұлы кездесуге келгендердің барлығын жылы қарсы алды. Ол өз кітаптарына қолтаңбаларын, жеке тілектері мен қысқа пікірлерін қоса отырып, осы сәтті барлығы үшін ерекше етіп қойды.

28.06.2024
Қаралым саны: 156
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент