Теңге: халықтың игілігіне

15 қарашада ОК кітапханашылары М. Н. Тұяқова, Е. Я. Киличбаев және М.Жұмабаев ауданы мұражайының директоры С.Т. Жұмағұловпен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының 30 жылдығына арналған "Теңге: халықтың игілігіне" атты экономикалық шолу өткізді. Іс-шараға колледж студенттері шақырылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы ресми енгізілгеніне 30 жыл болды. С. Т. Жұмағұлов ұлттық валютаның қалыптасу тарихына, қалай құрылғанына, алғашқы теңгелер қай жерде басылып шығарылғаны, айналымға енгізілгеніне шағын экскурсия өткізді. Кездесу барысында қатысушылар "Теңге тарихы"атты викторинасына қатысты. ОК кітапханашылары "Теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны"атты кітап көрмесін ұсынды.

16.11.2023
Қаралым саны: 379
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент