16 қазанда Дүниежүзілік нан күні атап өтіледі. Нан-адамдардың өмірінің, денсаулығы мен әл-ауқатының символы, табиғат пен адам еңбегінің ең көне және таңғажайып өнімдерінің бірі.
15 қазанда Орталық кітапхана қызметкерлері «Өз наным» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға «Северяне», «Алтын күз» клубтарының және ардагерлер кеңесінің мүшелері шақырылды. Бағдарламаның басында ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Ш. Сағандықов құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара барысында жүргізушілер нанның пайда болу тарихы туралы қызықты деректермен таныстырды. Аудандық мәдениет үйінен музыкалық қойылымдар қойылды. Бағдарлама қатысушылары нан өнімдерін әкелді. Іс-шара барысында Орталық кітапхананың библиографы М.К. Марий «Жер кереметі – нан» атты кітап көрмесін ұсынды. Кездесу шаймен аяқталды.
Қаралым саны: 286