2023 жылғы 14 қараша күні «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ –де аудандық кәсіби шеберлік «Өз мамандығымды мақтан тұтамын» байқауы өтті.
«Сотүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ-нің әдіскерлері ұйымдастырған сайыс үздік кітапхана дәстүрлерін жаңғыртуға, беделін арттыруға, кітапхананың әлеуметтік жағдайы және кітапханашы мамандығының маңыздылығы, кітапханашылардың шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін анықтау және қолдау, оқырмандармен кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту, инновациялық қызметті дамыту, кітапхана жұмысының жаңа идеялары мен нысандарын насихаттау арналған. Байқау «Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын» аудандық кәсіби шеберлік байқауын өткізу туралы ережемен реттелді, онда байқаудың мақсаты мен міндеттері, мерзімі, бағалау критерийлері айқындалды. Ұйымдастыру, өткізу және қорытындысын шығару үшін келесі комиссия құрылды: комиссия төрағасы – Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әбішева М.А.,комиссия мүшелері: Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Балқия Сағындыққызы Өтеуленова, «Мағжан жұлдызы» аудандық газетінің шеф-редакторы, «Халықаралық «Қазақ тілі»» БҚ төрағасы Еркебұлан Әлімжанұлы Елубаев, «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ директорының міндетін атқарушысы - Сандуғаш Оразалықызы Бекішева, Орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің библиографы - Марина Константиновна Марий.
Байқауға 15 кітапханашы қатысты.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша («Менің мамандығым – кітапханашы») қатысушылар жақсы шығармашылық қабілеттерін көрсетті: Г.С. Түлтаева- Молодогвардейское а/к кітапханашысы -106 ұпай, М.Н. Тұяқова – орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы - 104 ұпай, Л.Н.Харитонова –Лебяжье а/к кітапханашысы - 95 ұпай, М.А.Кушмухаммедова – Ноғайбай а/к кітапханашысы - 93 ұпай.
Сайыс тапсырмаларының 2-кезеңі («Жауабын біл», «Әдеби эрудит» викториналары, шығармашылық қойылым түріндегі нөмір, «Кітапхана-асхана» үй тапсырмасы) өткеннен кейін жүлделер келесідей бөлінді:
Гран-при – Г.С.Түлтаева - Молодогвардейское а/к (168 ұпай)
1орын – Ә.М.Жұматаева – Возвышен а/к (155 ұпай)
2 орын – М.Н.Тұяқова – орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы (154 ұпай)
3 орын – Л.Н.Харитонова – Лебяжье а/к кітапханашысы (153 ұпай)
Байқау қатысушыларына алғыс хаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Қаралым саны: 417