Әділет символы

20 ақпанда Орталық кітапхананың кітапханашысы Тұяқова М.Н. Медвежка орта мектебінің оқушыларына Әйтеке бидің 380 жылдығына орай «Әділет символы» атты ағарту сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты – оның қазақ халқының тарихындағы орасан зор рөлін, аты аңызға айналған бидің даналығын, өнегелі ережелерін еске түсіру, ұлы бабаларымыздың өнегесін пайдалана отырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кітапханашы Әйтеке бидің ұлы ойшыл, көрнекті шешен, мемлекет қайраткері екенін айтты. Ол әрқашан әділеттілік ұстанымын берік ұстанып, бүкіл саналы ғұмырын дау-дамайларды шешуге, халық арасында адалдықты насихаттауға арнады. Оқушыларға слайдтар мен бейнеролик көрсетілді. Шара соңында кітап көрмесі және нақыл сөздері ұсынылды.

21.02.2024
Қаралым саны: 116
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент