Отбасы – бақыт ошағы

Қазақстандағы Отбасы күні – салыстырмалы түрде жаңа мереке. Ол халықтың рухани құндылықтары мен салт-дәстүрлерін көрсетеді, сондықтан ол танымал. Отбасы күні еліміздің заңнамасымен белгіленіп, танымал болып, жаңа дәстүрлермен толығуда. 5 қыркүйек күні аудандық орталық кітапханада «Отбасы – бақыт ошағы» атты таныстыру сағаты өтті. Шараға Зәкіровтар, Ахметжановтар және Тамашовтар отбасылары шақырылды.  Қазылар алқасы С.О.Бекишева, Т.Е.Кинчинбаев, Ж.К.Әбілмәжінова, М.Қ.Марийдан. Іс-шара «Отбасылық портрет» жаттығуымен басталды, онда әр отбасы өздерінің хоббилері, салт-дәстүрлері, сүйікті істері туралы әңгімеледі, сонымен қатар отбасы туралы тақпақтар мен әндер шырқалған көркем көріністер көрсетілді. Жүргізуші А.Е. Расқұлова «Халық даналығы айтады», «Кроссвордты шеш», «Менің арманымдағы үй», «Жұмбақтар» сынды сайыстар өткізді. Әр отбасының барлық мүшелері жарыстарға белсене қатысты. «Алтын күз» клубының мүшесі Л.Ф.Бенц музыкалық нөмірлерді орындады. Библиограф М.К. Марий «Отбасы және кітап» атты кітап көрмесін ұсынды. Мереке соңында ОК директорының міндетін атқарушысы С.О.Бекішева құттықтау сөз атты. Барлық отбасыларға белсене қатысқандары және шығармашылық шабыттары үшін шағын сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. 

06.09.2024
Қаралым саны: 320
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент