17 мамырда аудандық орталық кітапханада «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» бейнеролигі тамашалауға ұсынылды. Бұл бейнероликтің негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда отбасылық құндылықтарды сіңіру. Отбасы - оның барлық мүшелерінің әл-ауқатының табиғи ортасы. Отбасы - адамзат өзінің өмір сүру тарихында жасаған ең ұлы құндылықтардың бірі, бірақ оны бәрі де сақтай алмайды.
Біздің бүкіл қоғам белсенді түрде атсалысып, қазіргі заманның зұлым құбылысы «тұрмыстық зорлық-зомбылық» мәселесіне бей-жай қарамау керек.
17.05.2024
Қаралым саны: 295
Қаралым саны: 295