Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл жоба қоғамда қажырлы еңбек пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілетуге, қоғамымызда бірінші орында тұруы тиіс адал және қажырлы еңбектің маңыздылығын атап көрсетуге бағытталған. Ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасып келе жатқаны — өз саласының мамандарының арқасында. 2025 жылдың 16 қаңтарында Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім: табысқа апарар жол» атты, ақпараттық бағдарлама ұйымдастырылып, кәсіби қызметкерлері жылына бастама берілді. Іс-шараға аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.С. Шәріпов, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Е.Нұрқайдарова, орталық кітапхана директорының м.а. С. О. Бекішева, тарихи-өлкетану мұражайының директоры С.Т.Жұмағұлов, ұстаздық еңбек ардагерлері С. С. Заев және А. М. Барсуков, дәнекерлеушілер Р. М. Тастанбеков, А. Г. Бенц, кәсіптік колледж оқытушылары Б.М. Әбілмажінов және Р. Л. Царегородцев, «Булаев мектебі-бөбекжай-балабақша» КММ-нің 10–11 сынып оқушылары, кәсіптік-техникалық колледж студенттері болды. Қонақтарға сөз беріліп, онда әркім мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы мен өмірдегі мақсатын атап өтті. Іс-шараға «Кітапхана арқылы — мамандыққа» тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды, оны ОК библиографы М. К. Марий ұсынды. Бұл кездесу 2025 жылы жарияланған кәсіби қызметкерлері жылына арналған і-сшаралар аясында өндірістік кәсіптердің беделін көтеруге бағытталған.
Қаралым саны: 208