6 шілдеде "Достық" саябағында Астана қаласының 25 жылдығын мерекелеу құрметіне орталық аудандық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы Астана күніне арналған көркем тақырыптағы конкурстар, сондай-ақ өз мемлекеті туралы тарихты білуге арналған викторина ұйымдастырды. Мереке жүргізушілердің кіріспе сөздерінен басталды, олар Елорданың тарихы туралы қысқаша айтып, барлық қатысушыларды Елорда күнімен құттықтады. Бұдан әрі балалармен слайдтарды пайдалана отырып, Қазақстан тарихын білуге арналған викторина өткізіліп, Астана туралы бейнеролик көрсетілді. Бейнелеу аймағында балалар суреттер салды. Әр қатысушы қатысқаны үшін сыйлық алды.
06.07.2023
Қаралым саны: 388
Қаралым саны: 388