«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» құқықтық сағат

9 ақпанда ОК кітапханашысы А.Е. Раскулова «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» атты құқықтық сағат өткізді. Сыбайлас жемқорлық жағымсыз құбылыс ретінде әлемнің барлық елдеріне таныс екені айтылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты барынша азайтқан мемлекеттер ғана нағыз экономикалық өркендеуге қол жеткізетіні белгілі. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді қарсы тұруға қол жеткізуге болады. Қорытындылай келе, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қатысты Серік Пірназар «Парасат пен пайым», Қуат Қайранбаев «Ар мен заң алдында», Жақыпжан Құрғожаев «Парасат жолы», Нұртан Төлепбергенұлы «Жемқордың жеткен жері» кітаптары ұсынылды.

09.02.2024
Қаралым саны: 119
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент