Орталық кітапхана ірі қайраткер, әнші, сазгер, айтыскер Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Аңызға айналған даланың ұрпағы» атты бейнебаян дайындады. Ол қазақтың дәстүрлі ән өнерін, халық музыкасын жаңа деңгейге көтерді. Оның репертуарындағы 60-қа жуық әні сақталып, күні бүгінге дейін жеткен.
Бұл бейнебаянның мақсаты – қазақтың біртуар ақыны, композиторы Біржан Қожағұлұлының шығармашылығы мен өмірбаянымен таныстыру арқылы өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату.
06.08.2024
Қаралым саны: 316
Қаралым саны: 316