Есте сақтаймыз, мадақтаймыз және мақтанамыз

Сәуірдің 3-і күні Орталық аудандық кітапханада Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Есте сақтаймыз, мадақтаймыз және мақтанамыз» атты еске алу кеші өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: Отансүйгіштік сезімін, елге деген мақтаныш сезімін ояту, нағыз патриот, Отан қорғаушы бейнесін қалыптастыру және оқушыларды ел тарихымен таныстыру. Іс – шараға М.Жұмабаев ауданның құрметті азаматы С.С. Заев, М.Жұмабаев аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры С.Т. Жұмағұлов, КММ «Кәсіптік даярлау және сервис колледжі» студенттері, КММ «Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі» оқушылары шақырылды.

Кітапханашылар Т.Кинчинбаев пен Е.Киличбаев батырдың өмірбаянына тоқталып, туды кім тіккені туралы аңызды таратып, Рақымжан Қошқарбаевтың өмірінен сыр шертетін «Жеңіс сарбазы» бейнеролигін көрсетті.

Шара соңында Е.Киличбаев «Өмірбаяны отпен жазылған Рақымжан» атты кітап көрмесін ұсынды.

03.04.2024
Қаралым саны: 40
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент