8 сәуірде Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары «Булаев мектеп - бөбекжай -бақша кешені» КММ-нің оқушыларымен «Халықтың ұлы ұлдары мен қыздары» патриоттық сағатын өткізді. Биылғы жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтілуде. Бұл іс-шараның мақсаты-өз Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастырып, Ұлы Отан соғысындағы сарбаздарымыздың ерліктерін есте сақтау үшін жағдай жасау туралы. Содан бері көптеген жылдар өтті, бірақ олар туралы естеліктер біздің жадымызда. Іс-шараның жүргізушілері біздің жарқын болашағымыз үшін өмір сыйлаған қазақстандық батыр қыздары мен ұлдары туралы айтып берді: Әлия Молдағұлова - туғанына 100 жыл, Бауыржан Момышұлы-115 жыл, Мәлік Ғабдуллин-110 жыл. Олар туралы әңгімелер бейнебаяндар көрсетумен қатар жүрді. Оқушылардың назарына ОК библиографы М.К. Марий «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты кітап көрмесін ұсынды.
Қаралым саны: 119