24 сәуірде Орталық кітапхана «Батыр Баян атындағы Булаев мектеп-гимназиясы» КММ оқушыларымен «Аман қалу» атты профилактикалық әңгіме өткізді. Кітапханашы А.Е. Расқұлова АИТВ-инфекциясы дегеніміз не, оның ЖИТС-тен айырмашылығы, АИТВ-ны жұқтыру жолдары мен жұқтыру мүмкіндігінің алдын алу шаралары туралы әңгімелесу өткізді. Оқушылар АИТВ/ЖИТС туралы бейнефильм көрді, сұрақтарға жауап берді, ұсынылған жағдайларды талдады. Ойын түрінде олар ЖИТС-ті қалай және қандай жағдайда жұқтыруға болатыны туралы білімдерін бекітті. Шара соңында балалар С.Баймұхаметовтың «Алтын ұйқылар» кітабымен, ЖИТС-тың алдын алу бойынша жадынамалар және кітапшамен танысты.
24.04.2024
Қаралым саны: 333
Қаралым саны: 333