«Ол үшін барлық адам бірдей»

Бүгін көрнекті қаламгер Сәбит Досановтың туғанына 85 жыл толды. Жазушы қазақ әдебиетіне «Қыран қалғымайды», «Тұйық», «Ақ аруана» сынды романдар мен әңгімелерді тарту етті. Сәбит Досановтың мұрасы қазақ әдебиеті үшін құнды қазына. Жазушының қаламынан шыққан шоқтығы биік «Қасқыр ұлыған түн», «Жиырмасыншы ғасыр», «Қылбұрау» сынды романдары оқырманға таныс.

Орталық кітапханада Сәбит Досановтың 85 жылдығына орай кітап көрмесі қойылды. Ол кісі қазақ әдебиетінің өркендеп өсуіне үлкен үлес қосты. қаламгердің өзі өлгенмен, қазақ руханиятына қосқан мұрасы өлмеді. Бүгінде Сәбит Досановтың шығармалары шет тілдеріне де аударылып жатыр. Оның рухани қазынасы әлем әдебиетінің де қорын байыта түсті.

13.01.2025
Қаралым саны: 157
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент