Данышпанның айықпас қайғысы

10 тамыз-Абай күні! Биыл дала философы, ақын, композитор және ағартушы, қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толды.

Ұлы ақынның туған күніне орай Орталық кітапхана «Достық» саябағында «Данышпанның айықпас қайғысы» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шараны Орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының міндетін атқарушы С.О.Бекішева құттықтау сөзімен бастады. Іс-шара барысында ақынның өлеңдері мен жырлары орындалды. «Алтын ұрпақ» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының фортепиано мұғалімі Анастасия Гришенкова Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» шығармасын, Баймұқанов Нұрлыбек «Туған жер» әнін, No2 орта мектептің 3-сынып оқушысы Дарья Галайдина «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқыды, «Ханшайым» би тобы «Қыз қуу» биін орындады, орталық кітапхана қызметкерлері «Абайдың қара сөздеріндегі даналығы» атты бейнебаян дайындады. Кітапханашы Е.Я. Киличбаев «Абай мұрасы – асыл қазына» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Ол Абай Құнанбаевтың өмірі және шығармашылығы туралы әдебиеттермен таныстырды.

09.08.2024
Қаралым саны: 206
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент