«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ-сі 2023 жылғы 20 сәуір күні Мәдениет үйінің сахнасында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін» атты ақын шығармаларын ең үздік мәнерлеп оқу байқауын өткізіді.
Байқау Ережемен реттеліп, Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұрасын кітапхана оқырмандары арасында кеңінен насихаттау, оларды кітапханаға тарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және дарынды орындаушыларды анықтау мақсатында өткізілді, оған 18 кітапхана және 42 қатысушы қатысты.
Қойылымдарды қазылар алқасы бағалады. Шарада ақынның «Дауыл түні», «Мен жастарға сенемін», «Көктем», «Бүкіл әлемге», «Анама» және т.б.өлендері оқылды.
Қазылар алқасының алдында 6-12 жас, 13-17 жас және 18+ жас аралығындағы үш топтың арасынан Мағжан поэзиясының үздік орындаушыларын таңдау қиын болды.
Бірінші жас тобының жеңімпаздары:
1 орын – Ілияс Қарагизов, 11 жас, Сарытомар а/к
2 орын - Денис Мунч 12 жас Возвышен б/к
3 орын – Қарақат Қайратқызы 10 жас Сарытомар а/к
Екінші жас тобының жеңімпаздары :
1 орын – Лилия Гагирова 17 жас Чистовское а/к
2 орын – Маржан Арапбай 14 жас Октябрьское а/к
3 орын – Айсана Еркінбек 17 жас АБК
Үшінші жас тобында:
1 орын – Ақерке Қоблан 23 жас Возвышен а/к
2 орын – Зарина Қуандықова 31 жас Бәйтерек а/к
3 орын – Айдар Жоламанов 27 жас Бинаш а/к
«Үздік мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша дипломдарды: Аминова Дарья, Әбілхайыров Ермек, Тұрсымбаева Ақмарал, «Жеңіске деген ынтымағы үшін» Галайдина Дарья, «Өлеңді орындау мәдениеті» номинациясы бойынша Кулыгин Андрей иеленді.
Қатысушылар тыңдаушылар мен қазылар алқасының мүшелерін Мағжан лирикасының көркемдігімен және қабылдауының нәзіктігімен баурап алды.
Евгений Воробьев, Әдиля Дархан, Амира Шупанова, Анастасия Шипунова, Анық Әдемі, Амангелді Ділназ ақын лирикасының терең түсінігі мен жоғары көркемдік шеберлігін көрсетті.
Конюхов Максим, Жантасова Лаура, Хамзенов Нұрдәулеттің қойылымдары эмоционалды түрде жарқын болды. Бөбешова Мөлдір, Қалымбек Нәби, Піспекбай Зейнеп, Кинчинбаева Мөлдір, Кузьмина Ангелинаның өнерін көрермендер ыстық ықыласпен қолдады.
Байқауға қатысушылардың шынайылығы, стихиялылығы мен ынта-жігері, жұртшылықтың ізгі ниеті ұлы өнермен кездесуден қайталанбас мейірім, қуаныш пен шаттық сезімін тудырды.
Оқырман назарына «Ұлттың поэзия падишасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме материалдарында ақын өмірі мен әдеби мұрасының жарқын сәттері айшықталған.
Қаралым саны: 667