Қазақстанда шілде айының бірінші жексенбісі қазақ мәдениетінде маңызды орын алатын және Қазақстанның ұлттық музыкалық аспабы саналатын музыкалық аспап – Домбыра күнін тойлайды. Маусымның 30-ы күні орталық облыстық кітапханада «Қазақтың жан дүниесіндегі домбыра сазы» тақырыбында сазды-ақпараттық кеш өтті. Келген қонақтарымызға домбыраның пайда болу тарихымен, оның түрлерімен таныстырып, бұл музыкалық аспаптың қазақ халқының өмірі мен тұрмысындағы маңызын атап өтті. Шараға Баймұқанов Нұрлыбек пен Қалдыбек Жасмина шақырылып, ән шырқап, домбырамен күмбірлетіп, жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтады. Көптің назарына домбыра туралы кітап көрмесі мен бейнеролик ұсынылды.
30.06.2023
Қаралым саны: 510
Қаралым саны: 510