Солтүстік Қазақстан жері біздің аймақты ғасырлар бойы дәріптеген ұлы тұлғаларымен танымал. Оларға жерлесіміз Мағжан Жұмабаев та кіреді. Бұл - ұлы қазақ жазушысы, публицист, педагог, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 23 маусымда Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай ұлы ақынның құрметіне Орталық аудандық кітапхана ұжымы Мағжан Жұмабаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін ұйымдастырып, салтанатты рәсім соңында Орталық аудандық кітапхана директоры А. С. Жантемірова Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін"атты өлеңін оқыды.
23.06.2023
Қаралым саны: 448
Қаралым саны: 448