Мәдениет және ұлттық ойын

Наурыз – еліміз үшін жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам. Сонымен қатар, атап өтетін жағдай, бұл мерекенің негізгі мағынасы мен маңызы көптеген халықтар үшін ортақ болып табылады: бұл жаңалықтың, жаңа бастау мен жаңарудың күні. Биылдан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып жатыр, 10 күн – 14-23 наурыз аралығында онкүндік Наурызнама деп аталады. Онкүндіктің әрбір күні Қазақстан мәдениеті мен қоғамының байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналған. Орталық кітапханада Наурыз мейрамы басталмай тұрып келесі іс – шаралар өткізілді: «Амал» күні, «Ұлттық салт-дәстүр» күні, «Мәдениет және ұлттық ойын».

19 наурызда Орталық кітапханада «Наурыздың ғасырлық дәстүрлері» атты әдеби-ән кеші өтті. Бұл іс-шараға «Аманат» тобының ақ жаулықты әжелері және Батыр Баян атындағы мектеп оқушылары шақырылды.

Әжелер балаларға қазақтың салт-дәстүрлері туралы қызықты әңгімелер мен әндер айтты. Кітапханашылар Е.Я.Киличбаев пен А.Е.Расқұлова балалармен «Наурыз қандай мереке» атты викторина өткізді.

Әрбір халықтың өздеріне тән ұлттық ойындары бар. Мысалы біздің қазақ халқында ежелден келе жатқан «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Тоғыз құмалақ», «Асық ойыны», «Ине-жіп және түйіншек», «Теңге алу» ойындары кең тараған. Соның ішінде «Теңге алу», «Тақия тастамақ», «Көтермек» сияқты қызықты ойындар балалармен өткізілді.

Қазақтар қонақжайлығымен ерекшеленеді, келген қонақтарды бос қол жібермейді. Біздің де қонақтарымыз кештің соңында тәтті сыйлақтармен марапатталды. Іс-шара қызықты және көңілді өтті.

19.03.2024
Қаралым саны: 69
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент