Жыл сайын бізден Ұлы Отан соғысының батырлық және қайғылы жылдары алыстап келеді. Бұл соғыс біздің еліміз абыроймен қарсы алған ең ауыр сынақтардың бірі болды. Осы күнге орай Орталық аудандық кітапхана 9 мамыр күніне арналған ерекше нысанда "Әдеби отырыс" мерекелік іс-шарасын өткізді. Іс-шара қатысушысы Л.Ф. Широкова- "Огонек", "Ржев қасында", "Случайный вальс" өлендерін, С.М. Төренова гитарамен ұмытылмас "Катюша" әнін орындады, кешті С. К. Ысқақов "Дурман трава" әнімен толықтырды . Іс-шара соңында орталық кітапхананың библиографы М.К.Марий "Батырларды еске алуға арналған" кітап көрмесінің шолуын жасап, әскери тақырыпта өлеңдер оқуын ұйымдастырды. Қонақтардың әрқайсысы Ольга Берггольц, Роберт Рождественский және Владимир Высоцкийдің жинақтарынан өлең оқыды.
Қаралым саны: 473