Қыран елім – Қазақстан

24 қазанда ОК кітапханашылары А. Е. Расқұлова, М.Н. Тұяқова 25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне арналған іс-шараны өткізу үшін мұрағатқа барды."Республика күні" – әдетте Республика мемлекеті жариялаған күні не республиканың ажырамас атрибуты-ел Конституциясы қабылданған күні өткізілетін бірқатар мемлекеттердегі ұлттық мереке. "Қыран елім – Қазақстан"атты кітап көрмесі ұсынылды. Шолуда қатысушыларға осы күннің маңыздылығы туралы айтылды, өйткені Республика күні Тәуелсіздікке алғашқы қадам болды.

Оқу залында кітапхананың барлық келушілері үшін Қазақстан Республикасы күніне арналған "Қыран елім – Қазақстан" атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеде Қазақстанның қазіргі әлемдегі жоғары мәртебесін, оның даму перспективалары туралы, елорда туралы, болашаққа деген үміт пен сенімділіктің нышаны ретінде, қазақ халқының құндылықтары туралы, Рухани келісім, Қазақстан халқының бірлігі мен достығы туралы әдебиеттер ұсынылған.

24.10.2023
Қаралым саны: 513
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент