Ата Заңым – айбыным!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Ата Заңым – айбыным!» атты құқықтық диалог түрінде салтанатты шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мемлекетіміздің негізгі заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына назар аудару және қызығушылықты арттыру. Шараға шақырылғандар: Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі директорының міндетін атқарушысы С.О.Бекішева, саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.С.Женсагурова, педагогикалық еңбек ардагерлері С.С.Заев, А.С.Барсуков, Мағжан Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушысы М.М.Галайдина, «Жасыл ел» жасағының балалары. Жүргізушілер

Е.Я. Киличбаев және А.Е. Расқұлова іс-шараны құттықтау сөзбен бастады, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды, содан соң олар негізгі құжаттың жасалу тарихына және оның әрбір қазақстандық өміріндегі маңызына тоқталды. Шара барысында қонақтар өскелең ұрпаққа құттықтау сөздер мен арнау сөздерін айтты. Жүргізуші А.Е.Расқұлова қатысқан балаларға Қазақстан Республикасының Конституциясын білуі бойынша сұрақтар қойды,ал олар дұрыс және жылдам жауап берді. Құқықтық диалогтың соңында библиограф М.К. Марий «Ата Заң – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесіне тақырыптық шолу жасады.

29.08.2024
Қаралым саны: 326
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент