27 қыркүйекте ОК кітапханашылары А.Е.Раскулова, М.Н.Туякова, Е.Я. Киличбаев «№ 2 Булаев орта мектебі» КММ-нің 7 сынып оқушыларымен Еңбек күніне арналған «Мамандықтар калейдоскопы» квест- ойынын өткізді. Бұл Қазақстан күнтізбесіндегі ең жас мерекелердің бірі. Оны еліміздің Тұңғыш Президенті 2013 жылы ресми түрде бекітіп, қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланады. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды Еңбек күні мерекесінің тарихымен таныстыру; балалардың еңбектің қоғамдағы маңызы туралы түсініктерін кеңейту; еңбектің адам өміріндегі қажеттілігін көрсету; балалардың мамандықтар әлеміндегі ой-өрісін кеңейту; балалардың негізгі мақсаты оқу екеніне сендіру; еңбекке, еңбек адамдарына деген құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Шара басында кітапханашылар еңбек, оның жасы мен мәртебесіне қарамастан әрбір адамның өміріндегі мәні мен қажеттілігі туралы әңгімеледі.
Квест-ойынына оқушылар белсене қатысты. Станциядан станцияға көшіп, барлық тапсырмаларды орындады. Балаларға еңбекті құрметтеу туралы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара танымды, қызықты, жағымды атмосферасында өтті.
Қаралым саны: 212