«Қазақстанның достық шаңырағы астында» ақпараттық сағат

Жыл сайын Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл Қазақстанның барлық халықтарына ортақ мереке. Тілдердің көпұлтты мерекесі мынадай идеяға негізделген: әрбір тіл – бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке қосылған баға жетпес үлес. 4 қыркүйекте Қазақстан халқының Тілдері күніне орай жазғы оқу залында кітапханашылар Е.Я. Киличбаев және А.Е. Расқұлова ауыл кітапханашыларымен «Қазақстанның достық шаңырағы астында» ақпараттық сағатын өткізді. Е.Я. Киличбаев «Әр халықтың тілі түсінікті және ұлы» атты тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеге Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары, қазақ тіл білімінің негізін салушысы туралы энциклопедия, сондай-ақ ұлттық тіл білімінің шығу тегі туралы, Қазақстан халқының тарихы және қазіргі заман туралы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылды.

https://www.facebook.com

04.09.2024
Қаралым саны: 454
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент