Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Аудандық орталық кітапхана мен ішкі саясат бөлімі жас ұрпаққа арнап Мағжан Жұмабаев ескерткіші жанында «Әр адамның атын атап айтқым келеді...» тақырыбында тақырыптық іс-шара өткізді. Басты мақсат: жоғары адамгершілік қасиеттерге ие ойлаушыларды тәрбиелеу, азаматтық және патриоттық бағытты қалыптастыру, халықтың тарихи өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеу болды. Қонақ ретінде кәсіби оқыту және сервис колледжінің студенттері, ішкі саясат бөлімінің мамандары, мәдени орталық қызметкерлері шақырылды.Еске алу кеші түрінде өтіп, қонақ ретінде кәсіптік-техникалық колледж студенттері шақырылды. Қонақтар алдында облыстық музей директоры Серік Тұрарұлы Жұмағұлов сөз сөйлеп, саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандары туралы айтып, «Гулаг", "Қарлаг", "Степлаг", "Алжир" лагерлері және алашордашылар қозғалысы туралы айтып өтті. Шара барысында кітапхана қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбаны болған жазушылар мен ақындар туралы айтып, «Параллельдік шындық» портретін ұсынды. Шара соңында жиналғандар қуғын-сүргін жылдарында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Қаралым саны: 296