Дәуір үні

28 қазанда ұлты неміс, қазақ және орыс тілдерін бірдей меңгерген есімі үлкен әріптермен жазылатын тұлға Герольд Карлович Бельгердің туғанына 90 жыл толар еді. Орталық кітапхана «Дәуір үні» библиографиялық ақпараттық кітапхабаршысын дайындады. Г. Бельгер – Қазақ, неміс, орыс мәдениетінің дәстүрін бойына сіңірген жазушының шығармашылық мұрасы мәдениетаралық диалогты қалыптастыруда өнегелі, рухани бағдар, келешек ұрпақ үшін құнды өсиеттер жинағына айналды. Қазақ әдебиетінің классиктері Б. Майлиннің, Ғ. Мүсіреповтің, Ә. Нұрпейісовтің және т.б. шығармаларын орыс тіліне аударған. Ол көптеген роман, повесть, әдеби-сыни шығармалардың авторы. Оның шығармаларында адами қарым-қатынастың терең мәні, туған жерге деген ерекше сүйіспеншілік, биік азаматтық ұстаным, патриоттық сезімдер мол. Мерзімді басылымдардағы 1500-ден астам жарияланымның авторы. Кітапхабаршының мақсаты – Қазақстан халқының әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне, қазақ тілінің қарқынды дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті қазақстандық жазушы Г.Бельгердің өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау.

28.10.2024
Қаралым саны: 243
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент