Домбыраның мәңгілік үні

Шілде айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда Ұлттық домбыра күні тойланады. 7 шілде күні «Достық» саябағында аудандық орталық кітапхана осы шараға орай «Домбыраның мәңгілік үні» атты кең кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітап көрмесінің мақсаты: қазақ халқының мәдениетін насихаттау, ұлттық музыка мәдениетін жаңғырту және сақтау.

«Домбыраның мәңгілік үні» атты көлемді кітап көрмесі бұл музыкалық аспаптың сан ғасырлық тарихын ашып, белгілі халық күйшілерін таныстырады.

Ұсынылған кітаптардың ішінде: С. Ақселейдің «Қазақтың күй өнері», Б.Адамбаевтың «Шешендік өнер», М.Хусайынұлының «Алтай-Қобда» және т.б., сондай-ақ мерзімді басылымдары да ұсынылды.

Көрменің бір бөлімі халық орындаушылары: Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Омархан күйші, Әміре Қашаубаев және т.б. арналды.  Кітапхана пайдаланушылары аспаптың құрылымымен танысып, тілек білдіргендер домбыра тартуға мүмкіндік алды.

07.07.2024
Қаралым саны: 90
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент