Алғыс күнін

Көктемнің алғашқы күні бүкіл Қазақстан ең мейірімді және ең жарқын мерекелердің бірі «Алғыс күнін» атап өтеді. Наурыздың 1-і күні Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мұражайда Орталық кітапхана ішкі саясатпен бірге «Ризашылық шекараны білмейді» атты мерекелік іс-шара атап өтті. Мақсаты – қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық келісімді, қоғамдық белсенділікті тәрбиелеу, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, эмоционалды сезімталдық пен ізгі ниетті ояту.

Іс-шараға «Аманат» партиясы филиалының төрағасы Т.А.Әбілмәжінов, этномәдени бірлестігінің жетекшісі М.Қ. Рысбаев, М.Жұмабаев аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры С.Т.Жұмағұлов, «Дослук» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі Р.М Низамов., М.Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығы директорының м.а. М.М.Галайдина және Булаев қаласының қоғамдық қызметкерлері қатысты. Кітапханашылар М.Н.Тұяқова, Е.Я.Киличбаев іс-шараны құттықтау сөзбен бастап, алғашқы сөз Т.А.Әбілмәжіновке берілді.

Н.Баймұқанов «Туған жер», Р.Өмірзақов «Сәлем-салам», А.Дәуітов «Менің Қазақстаным» әндерін орындады.

Е.Я. Киличбаев «Рухани келсім әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Қоғамдық қызметкерлеріне этномәдени бірлестік жетекшісі М.Қ.Рысбаевтың атынан және М.Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен сыйлақтар берілді. Іс-шара мерекелік шаймен аяқталды. 

01.03.2024
Қаралым саны: 100
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент