«Бірлігіміз-әралуандықта»

2 наурыз күні «Достық» саябағында Орталық аудандық кітапхана аудандық Мәдениет үйімен бірлесіп «Бірлігіміз-әралуандықта» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Осы шуақты күні ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Алтын күз» клубы, «Аманат» шығармашылық клубы, «Горлинка» славян этномәдени бірлестігі біздің жүрегімізді байланыстыратын және бізге жылулық сыйлайтын таңғажайып іс-шараларды бірге атап өтуге шақырылды. Биылғы жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен тұспа –тұс келген Масленица, қыс мезгілімен қоштасу және Жаңару үміті ғана емес, Алғыс айту күні де атап өтілді.
Құттықтау сөздері М. Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Е. Нұрқайдароваға, «Горлинка» славян этномәдени бірлестігінің басшысы Л.П.Ессеге, Булаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Л. М. Егорычеваға ұсынылды.
Мереке конкурстар, ойын-сауықтармен жалғасты. Мәдениет үйінің қызметкерлері барлығы билейтін көңілді әндер шырқады. Сондай-ақ, мерекеде «Северяндар» клубының орындауындағы «Ой, блиночки мой» орыс халық Масленица әні шырқалды, Л.Ф. Бенц қалжың өлең, сонымен қатар «Аманат» шығармашылық клубы «Попурри» орындады. Қонақтар конкурстарда бақ сынасты: арқан тарту, соқыр жүлде және басқа да ойын – сауықтар, дөңгелек би билеу, ән айту, жаз нанды болу үшін - қызыл күнді шақырды. Қызықты көңіл көтеру кезінде барлығы құймақ пен тәттілерден дәм татып, самауырдан ыстық шай ішті.

03.03.2025
Қаралым саны: 89
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент