«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.
2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын, жазушы, әдебиет сыншысыТәкен Әлімқұловтың және ақын, жазушы, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары оқуға ұсынылды. Кітапханашы Н.Нұртай «Мағжан Жұмабаев атындағы қазақ орта мектебі» КММ-нің мектеп жанындағы интернат оқушыларымен «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
 

04.02.2025
Қаралым саны: 149
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент