9 қаңтарда ОК кітапханашылары Тұяқова М.Н., Раскулова А.Е. Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Жыл авторымен танысу» кітапхабаршы шығарды. Бұл шығарылымның мақсаты – тыңдармандарды қазақ балалар жазушысы, балалар туралы көптеген шығармалардың авторы, ақын, сценарист өмірінің елеулі сәттерімен таныстыру болды. Жазушы шығармаларының негізіне балалық және жастық шақ – әрқайсымыздың ең ыстық, ең жарқын естеліктеріміз, армандарымыз болатын, санамызда жиі оралатын сол кезең жатыр. Ендеше, Бердібек Соқпақбаевтың кітаптары арқылы осы сиқырлы әлемге тағы бір оралайық!
09.01.2024
Қаралым саны: 511
Қаралым саны: 511