Арманымның ақ құсы

Биыл ақын, драматург, аудармашы Ерік Асқаровтың туғанына 65 жыл толар еді.

7 ақпанда аудандық орталық кітапханасында осы күнге арналған «Арманымның ақ құсы» атты еске алу кеші өтті. Шараға «Еліне еркелеген Ерік» атты фотокітап, кітап көрмесі-инсталляциясы, буклеттер дайындалды.

Кездесуге ақынның туыстары, Мағжан Жұмабаев ауданындағы мекеме өкілдері, ұстаздар мен мектеп оқушылары шақырылды. Кітапханашылар М.Н.Тұяқова, Е.Я. Киличбаев іс-шараны құттықтау сөзбен бастап, Ерік Асқаров туралы бейнероликті тамашалауды ұсынды.

Бірінші сөз Мағжан Жұмабаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Ш. Сағандықовқа берілді.

Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі директорының м.а. С.О.Бекішева жиналған қонақтардың назарына «Еліне еркелеген Ерік» атты фото-кітабін ұсынып, осы фото-кітап қалай шығарылғанын, мәліметтер Мағжан Жұмабаев ауданының мұрағаты мен ақынның отбасынан алынғаны тұралы айттып, Ерік Асқаровтың әпкесі Ж.Х.Қалиева мен немере ағасы Т.А.Мұсатаевқа фото-кітапті сыйға тартты.

Әпкесі Ж.Х. Қалиева, ағасының жұбайы М.Х.Акбарова, немере ағасы

Т.А. Мұсатаев інілері туралы естеліктерімен бөлісті.

Осы жиында сөз алғандар Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі М.Х.Бекішев, Дүйсеке ауылының тумасы С.С.Оралов, Мағжан Жұмабаев ауданының мұрағат директоры Н.С. Кукла, аудандық «Мағжан жұлдызы» газетінің шеф- редакторы Е.А.Елубаев, Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Ш.Ысқақова, Дүйсеке ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.С.Аңдамасова.

Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің оқушылары Снежанна Рамазанова, Самира Жұмабек, Мереке Талғат, Жанеля Мұқанова, Ринат Өтемұрат Ерік Асқаровтың өлеңдерін оқыды.

Аудандық орталық кітапханада «Еліне еркелеген Ерік» атты кітап көрме – инсталляция дайындалды, кітапханашы М.Н.Тұяқова шолу жасады. Кездесуді еске алу мақсатында барлық қатысушыларға ақын туралы буклеттер таратылды. Шара соңында қонақтар естелік суретке түсті. 

08.02.2024
Қаралым саны: 111
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент