2023 жылдың 12 сәуірінде Орталық аудандық кітапхананың оқу залында Қабиболлы Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының бастамасымен Мағжанмен бір жыл «Алаштың сөнбес жұлдызы» жобасы аясында, Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай бейнекөпір өтті. Бейне шараның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, М.Жұмабаевтың ғылыми жұмыстарына зертеу жүргізу, жастарды құндылықтарға, ашықтық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Іс-шараны Қабиболлы Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының директоры Айтуарова Зәуре Жаншақызы жиналғандарға құттықтау сөзбен ашты. Шара барысында Мағжана Жұмабаев ауданы Сарытомар ауылының мұрағат директоры Айгүл Теңдікқызы Жүніспаева сөз сөйледі. Ол мұражайдың ашылу тарихына тоқталып, М.Жұмабаевтың араб тіліндегі кітаптарының құнды жәдігерлерін көрсетті. Сонымен қатар: «Мағжан Жұлдызы» газетінің шеф-редакторы Елубаев Е.А., М.Жұмабаев аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Жұмағұлов С.Т., Медвежка орта мектебінің география және биология пәнінің мұғалімі, мағжантанушы Ж.С. Досоваға сөз берілді, ОКЖ библиографы Марий М.К. «Ұлттың поэзия падишасы» кітап көрмесінің шолуын жасады, М.Жұмабаев атындағы мектеп оқушылары Қалдыбек Жасмин - «Қазақ тілі», Рамазанова Снежана - «Туған жер», Жолдаспаева Меруерт - «Сағындым» ақынның өлендерін оқып шықты. Сондай-ақ, Ақтау қаласының оқушылары мен студенттері ақынның Елемесов Батанияз «Одан», Ещанов Нұрғисай «Қазағым», Жұмабеков Бекұлан «Түркістан» шығармаларын оқып шықты, Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің оқушылары «Балбырауын», «Адай» күйлерін орындады: Нұрлыбай Әлібек, №3 мектеп 9 сынып оқушысы , Мұсаев Нұрсұлтан, №17 мектеп 9 «Б» сынып оқушысы , Қуан Асылжан, №20 орта мектептің 7сынып оқушысы. Жиналған жастарды М.Жұмабаевтың жерленген жері, Мағжан Жұмабаев пен Б.Мамышұлы кездесуі фактілерінің шынайылығы қызықтырды. Барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Кездесу соңында жиналғандар алдағы уақытта ынтымақтастықпен жұмыс жасап М.Жұмабаев туралы ақпаратпен алмасу шешіміне келді.
Қаралым саны: 684