«Бір ел – бір кітап» акциясы

22 қаңтар кітапханашы А.Е. Расқұлова «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Мағжан Жұмабаев аудандық мансап орталығының қызметкерлеріне барды. 2025 жылы Қазақстанда жанр бойынша екі автор таңдалды:
Проза: көрнекті жазушы, ақын, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары.
Поэзия: әйгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойы 2025 жылы атап өтіледі.
Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге ықпал ету, өскелең ұрпақтың интеллектуалдық және рухани өсуіне қолдау көрсету, ана тілінің құндылығын нығайту.
Мансап орталығының қызметкерлері жыл авторларының шығармаларын оқуға шақырылды.
 
 
22.01.2025
Қаралым саны: 203
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент