Құрметті жігіттер Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!
Біздің ұжымда Отан алдындағы борышын өтеген әріптестерімізде бар.
Кинчинбаев Талғат Ермекұлы – 2007-2009ж.ж. 10188ә/б Қызылорда облысы Арал қаласында әскери міндетін атқарған, аға лейтенант.
Киличбаев Ерлан Жақсыбайұлы – 2016-2017ж.ж. 6698 ә/б Шымкент қаласы Ленгр ауданы Шақты 9 ауылында әскери міндетін атқарған, рядовой
Және биыл елімізде төтенше жағдай орын алған кезде өз үлесін қосып, көмек берген ер азаматымыз Киличбаев Толқын Жақсыбайұлы.
Әрқайсыңыз өз Отаныңызды, отбасыларыңызды, өз үйіңіздің қорғаушысыздар.
Бұл абыройлы жауапкершілік әрқайсыңызға сеніп тапсырылған. Сіз бұл «туды» мақтанышпен алып жүруіңіз керек! Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Бастарыңыздан таза да мөлдір аспан, түзу және тегіс жолдар, мейірімге толы жүректер, нұрлы ойлар, денсаулық, батылдық тілейміз!!! Мерекелеріңіз құтты болсын.
Қаралым саны: 369