4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Орталық кітапхана қызметкерлері А.Расқұлова пен М.Тұяқова Булаев қаласында, «Достық» саябағында тұрғындар арасында сауалнама жүргізді. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы бірнеше сұрақтар қойылды. Ақпараттық буклеттер таратылды.
Оқу залында «Тәуелсіздіктің жоғары рәміздері» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме материалдарында еліміздің басып өткен тарихи жолы, оның қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірі көрініс тапты. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тек көркем бейнелер ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тәуелсіздік, демократия және патриотизм идеяларының хабаршысы болып табылады.
04.06.2024
Қаралым саны: 370
Қаралым саны: 370